Алматыда белсенді Арайлым Назароваға айыппұл салынды

Ол да «Халық парламентінің» жиынына қатысқан


11/05/2023
15:34 18286 0

Фото: Арайлым Назарованың Facebook парақшасынан

 

Белсенді Арайлым Назарова да 1 сәуір күнгі «Халық парламентінің»  жиынына қатысқаны үшін өзіне айыппұл салынғанын хабарлады. 

 

– Иә, қатыстым. Бірақ ол ешқандай да заңсыз жиын болған жоқ. Біз сайлаудан кейінгі өз ойымызды, пікірімізді бөлістік. Егер Жаңа Қазақстан демократиялық қоғам құрамын десе, азаматтық қоғамның ашық пікір айтуына тыйым салмауы керек, – деп жазды белсенді Facebook-тегі парақшасында. 

 

Бұған дейін полиция осы жиынға қатысқан белсенділер Инга Иманбай мен Аружан Дүйсебаеваны да «қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзды» (489-бап) деп айыптап, әрқайсысына 172 500 теңге айыппұл салған. Белсенділер шешіммен келіспеген. 

 

1 сәуірде Алматыда «Халық парламентінің» өкілдері «парламент сайлауындағы заңсыздықтарды» айтып, ресми нәтижесін жоюды талап еткен. Бұған дейін ХП-ның 9 сәуірдегі митингісіне байланысты 15-тен астам белсенді әкімшілік жазаға тартылған.

Поделиться

Нет комментариев.

11/05/2023 15:34
18286 0

Уведомление